Әңгімелесу шеберлігі - Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі

Опубликовано: 23.11.2018

23.11.18

↑ [ 1] ↓

переходы:25 Әңгімелесу шеберлігі - Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі

Әңгімелесу шеберлігі

Күнделікті радиохабарлар бағдарламасында радиоәңгімелесу жиі пайдаланылады. Оның көтерер жүгі мол болғандықтан, қойылатын талаптар да өзгеше: шебер сөйлеу, тіл құнарлылығы, айтар ойдың анықтығы, шын көңілден шыққан, тыңдаушысын бірден баурап алатын сырсұхбат іспетті, еркін әңгіме болуы тиіс. Демек, радиоәңгімелесуді жүргізуші сөйлеушіден (выступающий) гөрі әңгімелесуші (собеседник) болғаны дұрыс.

“Әңгіме” деген атау баспасөзден келді. Дұрысына келсек, әңгіме онда шартты түрде ғана пайдаланылып жүр. «Газеттегі әңгіме - газет сөзі, ертеректе болған шындықтың өңдеген түрі, әлдебіреулер қағаз бетіне түсірген әдеби жазбасы, яғни оқушыға екінші біреудің түсінігі, қорытуы арқылы жеткен шындық” (Гальперин Ю. Мы ведем репортаж. - М., 1961, с.27).

Ал, әңгімелесу - радиоға жақын, ауызекі сөйлеу жанры. Сондықтан, әңгіме радиоға келіп жаңа бояуға, жаңа қасиеттерге ие болды деу қате, әңгіме өз арнасын, өз орнын радиодан тапты, оның мүмкіндігін терең де жан-жақты пайдалануға жол ашты.

Радиоәңгімелесу - радиожурналистиканың ең бір негізгі және күрделі жанры, көпшілік бұқараға арналған ауызша үгіттің ең басты формаларының бірі. Радиодағы әңгіме - газеттегі мақала сияқты, қоғам өміріндегі түрлі құбылыстар мен оқиғаларды терең зерттеп, сол жолда пайда болған ой-пікірлерді талдап-жинақтаудың нәтижесінде туған идеялар негізінде жазылған, айтылған публицистикалық шығарма.

“Радиоәңгімелесудің өзіндік ерекшелігі, біріншіден, әңгімелесушілер бір жерде, яғни бір аудиторияда болмайды. Автор микрофон алдында отырса, тыңдаушы үйінде, не жұмыс орнында болуы мүмкін. Екіншіден, эфир арқылы сұхбаттасып, еркін әңгімелесетін бұл екі жақтылы байланыста автор белсенді ойлаушының ролін атқарады. Автор тыңдаушыларды өз материалын талдауға тартады. Радиодағы әңгімелесу табиғаты жағынан хатты оқушы мен хат авторының арасындағы кеңеске немесе іс қағаздары түріндегі (эпистолярлық) әдебиетке ұқсайды” (Ярошенко В.Н. Информационные жанры радиожурналистики. - М., Искусство, 1976, с.58.).

Радиоаудиторияның тыңдаушылары өздерінің білімі, қоғамдағы орны, ой-парасаты, тіпті тұрағы жөнінен әр түрлі. Сондықтан, радиоәңгімелесуде ғылыми идеялар, күрделі саяси проблемалар, экономика, мәдениет мәселелері көпшіліктің көңілінен шығатындай нанымды, ұғынықты сипатта беріледі. Тыңдаушылар әңгімелесудің басынан аяғына дейін автор ойының өрбуін сезіп, ілесіп отыратындай болуы керек. Мұндай процесті сөйлеуші мен тыңдаушының қатарласа (параллельді) ойлауы дейміз. Осы тұста тыңдаушы мен микрофон алдындағы сөйлеуші проблеманы шешуде өздеріне таныс фактілерге байланысты бірдей қорытындыға келеді. Осылай басты идея логикалық дамумен біртіндеп жалғаса береді. Егер лирикалық шегініс бола қалған күнде, ол басты идеяның дамуын ұлғайтып, тек қолдап отырады.

Радиожурналистиканың көпжылдық тәжірибесіне сүйенетін болсақ, екі жақты бірдей ойлану процесі микрофон алдындағы сөйлеушінің мәтінсіз, ойдан шығарып, суырып салуына байланысты өрбиді. Бұнда адам сөзінің интонациясы өзгеріп, әңгіменің табиғилығы сезіледі, эмоциялық бояуы қаныға түседі.

“Егер репортажда микрофон бізді оқиға ортасына «алып барса», ал әңгімеде автор үйреншікті әдет бойынша микрофон арқылы тыңдаушының үйіне “келеді” (Бұл да сонда, 59-бет.). Бұл жерде сөздің берілу әдісі, интонациясы шешуші роль атқарады, яғни тыңдаушы хабарды радио арқылы қабылдап отырғанын ұмытуға тиіс.

do.gendocs.ru/docs/index-34047.html?page=17

rss