Адамгершілік арқауы --- ұлттық тәрбиеде - Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы:...

Опубликовано: 23.11.2018

23.11.18

↑ [ 1] ↓

переходы:14 Адамгершілік арқауы --- ұлттық тәрбиеде - Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы:...

^ Адамгершілік арқауы --- ұлттық тәрбиеде.

«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы Шоқан Уалиханов айтқанындай, егеменді елдің ертеңгі ұрпағының оқу-білім тереңдігі немен өлшенеді деген ой мені толғандырады. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңарту үлгісі жайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе - адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс деп есептеймін. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай туғызу әлеуметтік әділеттілікті, азаматтық бостандықты және жан-жақты дамуды, рухани және интеллектуалдық әлеуетінің жетілу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін жетілдіру міндеттерін көздейді.

Білім беру жүйесіндегі ұлттық және адамзаттық қазыналар мыналар:

--- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен имандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін қажетті жағдайларды жасау;

--- қоғамның және мемлекеттің алдындағы және құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді, сондай-ақ республиканың мәдени қоғамдықжәне экономикалық экономикалық және саяси өміріне қатысуы.

Халқымыз күнделікті тұрмыс-тіршіліктің басында-ақ жастарды әдептілікке, адамгершілікке, сыпайылылыққа, мейірбандыққа және басқа да толып жатқан жақсы қасиеттерге баулып отырған. Мысалы халқымыздың жас ұрпаққа бағыштап айтқан: «Оттан аттама», «Нанды аяққа баспа», «Кісіге қарай керілме», «Табалдырықты басып тұрма» деген сияқты қысқа да, нұсқа сөздерінде қандай өнегелілік мән-мағына жатыр десеңізші!

Қазақ халқының зиялы азаматтарының бірі ----- Мағжан Жұмабаев қазақтың ұлттық мектебінің моделіән ұсынған болатын. Онда «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелдеуге міндетті» десе, Дулат Міржақыпов мектептің мақсаты туралы «… Жалғыз құрғақ біліді үйрету емес, біліммен бірге жас ұрпақтың бойына халқымыздың өнегелілік қасиеттерін қалыптастыра білуіміз қажет» деп тамаша айтқан. Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Мектепте мұғалім басты тәрбиеші, білім беруші. Мұғалім әр сабақта жасөспірімдерге білім беріп қана қоймайды, оны өзінің ақыл-ой парасатымен, ұлттық педагогикасымен ұштастыра отырып, жасөспірімдерді азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Ұрпақ тәрбисі тілден басталады. Ұлттық психология мен дүниетанымдық көзқарасты қамтамасыз ететін --- тіл. Сондықтан қоғамның басты мақсаттарының бірі - сәбиден бастап, барлық жеткіншек жасөспірімдер және жоғары педагогикалық оқу орындарының жастары туған елінің рухани қоғамдық өмірінен қол үзіп кетпеу үшін, әрбір жасөспірім өнегелік қасиеттен жұрдай болып қалмау үшін ана тілін білуді өмірлік қажеттілігіне айналдыру көзделіп отыр.Жүсіпбек Аймауытов білім негізі мектепте ана тілі арқылы меңгерілетінін баса көрсеткен: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге тілдерді меңгеру мүмкін емес…». Жүректің терең сырларын, басынан кешкен барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазына - халықтың тілі. Қай уақытта болмасын, өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру қоғамдағы моральдік нормалардың негізінде жүргізілген. Олар өзінің әлеуметтік мәні жағынан бүкіладамзаттық, таптық болуы мүмкін деген ой философиялық әдебиеттерде үстемдік етіп келеді. Ал негізінен алғанда, ұлттық, психологиялық өмір тіршілігіне, орналасқан жеріне, кәсібіне байланысты жүздеген, мыңдаған жылдар ішінде қалыптасқан бүкіл ел болып мойындаған моральдік нормалары болуы тиісті екенін білуіміз керек. Қай ұлттың, қай халықтың болса кемеліне келіп толысуына, рухани өшуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасайтын негізгі тірек, ол ---- ұлттық мектеп.

^ Жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін тәрбие арқылы дамыту .

Гуманистік педагогиканың негізінде алынатын бастауы гуманистік идеялардың бірі, адам табиғи жаратылысына ерікті, ол Жаратқаннан басқаға тәуелсіз, тек дүниедегі мақсатын саналы іске асыру үшін жаратқанға ұмтылу арқылы ғана өзін баққытты сезіне алады.

адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болу қажеттілігін сезіндіру, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру, адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру қажет.

Борыш, ар-намыс, ұждан, тәртіп сақтау, кішіпейілділік және т.б.

Қазіргі тәрбие жүйесінде ең маңызды да көкейкесті проблемалар - бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі мен еңбекке қатынасы.

Тәрбие істерінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль - адам санасының формасы, адамзат мәдениетінің бөлігі.

Мораль принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдік номалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек олардың қалыптасуына қажетті алғы шарттар ғана болып есептеледі.

Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжіибесіне өтіп, ой толғанысына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.

Этикалық тәрбие істерінің ең басты мақсаты - адамның адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру, тәрбие істері күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғарғы адамгершілік іс-әрекет қажеттілігін қалыптастыру- этикалық тәрбие істерінің маңызды бөлігі.

Тұлғаның адамгершілік қажеттілігін қалыптастыру - оның түйсік жүйесіне моральдік нормалар мен принциптерді қабылдату қажеттілігі.

Адамгершілік қажеттіліктің көмегімен ізгілік мораль негізі -еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалық тәрбие істері функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым және күрделі болады..

^ Тәрбие істерін орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн.

Адамгершілік тәрбие істері адам үшін «күреске» айналмауы тиіс. Тәрбие «күрес» емес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер ісі.

Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, жасөспірімдер мен жастардың жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн, жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жағымсыз не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.

Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жай нәрселерге негізделеді. Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды.

Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру.

Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалардың сөзін бөлу және тыңдамау,

Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салбарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білуі керек.

^ Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері.

Жанұя - қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұяда тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының маңызы зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана-сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батырлық пен батылдыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

Жанұяда, әсіресе ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірде өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бергенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекшк көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Баланы өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал-мәтелдерден көруге болады. Ал «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлың өссе--- ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе -- қызы жақсымен ауылдас бол», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі-өнегесіне қарап тәлім алады.

Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбинің негізі ата-анадан деп есептегенмен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, отбасының, ең әуелгі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрі ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке-шешесі.

Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері осыларда. Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілділік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады. Сондықтан да ата-анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін, жай-күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.

^ Халықтың тұрмыс-тіршілігімен жасөспірімдерді таныстыру арқылы өнегелілік қасиетін қалыптастыру ерекшеліктері

Қазіргі кезде білім беру ісінде жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындай керек.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси-мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру- өмір талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалетикалы білімі осы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.

Қазақ халқы - елін, жерін . оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып жасалуы керек.

Ата-бабаларымыз ұлан-байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсіздігі ұшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын жеген білімпаз шешендері мен билерін мақтан еткен. Шежіреге толы отанымызды қорғау, шешен де өткір тілімізді, дәстүрімізді сақтау, оны зерттеп, білу --- азаматтық парыз. Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық, психологиялық ерекшеліктің болғаны.

Дүниеде бал тәтті,

Бала балдан да тәтті.

8.Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер.

9.Қарайғанға қарап тал өсер,

Ата-анаға қарап бала өсер.

Иә, «сөз асылы - мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та - бала. Ал, осы бала бағбаны кімдер? Әрине ата-ана. Жас жеткіншек қашан да ата-ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.

Құрметті көрермендер, мен сіздерден ата-аналардың, оқушылардың ұлттық салт-дәстүрден нені білетінін көріп, бағалап отыруларыңызды сұраймын. Алғашқы тур «Сан сұраққа саяхат» деп аталады.

Ата-аналарға:

1.Малдың 12 мүшесін атаңыз.

Еттен табақ тартқанда оның қандай түрлеріне сүйеніп тартады? Қойдың қадірлі мүшесін, жылқының қадірлі мүшесін атай аласыз ба?

Оқушыларға:

Жылқы туралы мақал-мәтел айта аласың ба?(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы - малдың патшасы.Алып анадан туады, тұлпар биеден туады.)

«Қара кемпір», «Қара шал» «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші-сазгер А.Қоразбаев).

Келесі турда ата-аналар, оқушылар өз өнерлерін ортаға салады.

Одан кейінгі тур «Сыңарын тап» деп аталады.

Ата-аналарға:

Әдепті бала ата-анасын мақтар… (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).

Соңғы тур ата-аналанмен өткізіледі.

1.Тәрбие ісінде отбасының ролі қандай деп ойлайсыз? (Отбасы ролі өте-мөте күшті. Өйткені отбасы кішігірім мемлекет болып саналады. Егер отбасыда жағдай жақсы болмаса, ешбір қоғамдық ұйым, мектеп, ұстаздар оның орнын баса алмайды.Тек қана жайлы, дұрыс ортадан тәрбиесі дұрыс бала шығады).

2. Ең алдымен қандай тәрбиеге көңіл бөлер едіңіз?(Еңбек тәрбиесіне. Оны балаға жастайынан берген жөн. Себебі «жаста берген тәрбие - жас шыбықты игендей», балаға тез қонады. Баланы еңбексүйгіш етіп тәрбиелесек, болашағы үшін уайымдамаса да болады деп ойлаймын).

3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолынан жасаған (кішкентай болса да мейлі) бір затын сыйлағанын жөн көресіз бе? Неліктен? (Әрине, өз қолынан жасағанды. Өйткені мұндай талпыныс оны кішкентай кезінен-ақ іс-әрекетке, қимылға, еңбек етуге тәрбиелейді).

4. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата-аналарға не айтар едіңіз?(Бұл дұрыс емес дер едім. «Бала тәрбиесі -- бесіктен» дейді дана халқымыз. Баланы жасынан іске үйретпеу, еңбекке баулымау - ол ата-ананың балаға жасаған жақсылығы емес, керісінше оның болашағына жасалған үлкен қылмыс, қиянат деп білемін.)

Кешкі ас ішіліп болған соң, ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды, Өйткені теледидардан бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткен соң қызыңыз сізге: «шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?(Қашанда бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырма. Ертеңгі күннің жұмысы атар таңмен келеді. Жүр, мен саған көмектесіп жіберемін дер едім. Бұл әрекет баланың бойын еріншектіктен сақтандырады.

Қорытындысы шығарылып, сыйлықтар үлестіріледі.

Жүргізуші.

Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қоқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кіді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.

Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой салады деп ойлаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік, ойнайық, күлейік дей келе, хабарымызды аяқтаймыз.

Отбасылары бірігіп, «Сәби болғым келеді» әнін орындады.

Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері навзардан тыс қалып көрген емес. «Бала тәрбиесі --- мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Әрбір қоғамның өз дамуы жағдайында бұл өткір мәселе әрқалай шешіліп отырған.

Мемлекетімізде қазіргі кезде сапалы білім берумен қатар, мектеп жасындағы жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру қажеттігі туындауда. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың болашағы, сапалы өмірдің ең басты кепілі.Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, адамгершілік жағынан таза, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қазіргі кезде мемлекет алдында тұрған ең өзекті мәселе.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет ---- осы мемлекетіміздің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды “Отаным” деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы - бұның ибасты шарттарының бірі. Жастардың өнегелілік қасиеттерін қалыптастырудың бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан 2030” Қазақстан халқына Жолдауының “Қазақстан мұраты” деген бөлімінен көруге болады. Мұнда: “Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз өнымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, өнегелі қасиеті жоғары дамыған, денсаулығы мықты , ұлттық дәстүрлерімізді ұрпақтан ұрпаққа сақтап жеткізуші өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі тзаманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады, олар бейбіт, абат, жылдам даму, өокендеу үстіндегі күллі әле,мге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттарны болады.

Егер біз ьадамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болған,да… еліміз үшін алаңдамауға болады.

Салауатты тұрнмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі-өнеге көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша аатап көрсету керек.

Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жасөспірім ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз”.

Ауыл жасөспірімдерінің жан дүниесін адамгершілік, имандылық, өнегелілік қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін өнегелілік сапалар арқылы түсіндіріп, салауаттылыққа тәрбиелеу және кеңес беру - дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып отыр.

1. Тұлғаның мәнін айқындау.

Методикалық кеңес беру.

Зерттеу нысаны - ауыл жасөспірімдері .

Зерттеу заты - өнегелілік қасиеттердің мәні, мағынасы, бағыттары.

Қазіргі ағым да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтар мен өмір сүрудің ауытқушылығынан руханиятсыздық белең алды. Сондықтан Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдаулары мен сөздеріне егемен еліміздің азаматтрарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше ролі барын баса айтып келеді.Елбасы әсіресе, ауыл жасөспірімдерінің өнегелілік қасеиттерін қалыптастырып, патриоттық сезімін ояту қажеттігіне айрықша көңіл аудартады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бұл басым бағытты міндеттер нақты көрсетілген. Атап айтқанда:

---- жеке тұлғаның шығармашылық,рухани және күш-қуаттьық мүмкіншілігін дамыту, салауатты өмір салтының берік қағидаларын қалыптастыру, тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы оның зерде -санасын байыта түсу;

---- өз Отаны - Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекетт рәміздері мен халық салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көрініс терге төзбеу;

---- республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық өміріне белсене қатысуға және сондай-ақ, өз құқықтары мен міндеттерін сезінуге баулу;

---- әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін игеру, қазақ және республикада тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрыппен саолт---дәстүрлерінің тьарихын жете білу, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру.

Жоғарыда аталған маңызды міндеттерді іске асыруда білім беру мекемелерінің атқұаратын ролі зор. Өйткені мұнда балалар мен жасөспірімдер мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдарға сәйкес жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеріп, өз тьуған халқының тарихы мен мәдениетінен сусындау арқылы өздерінің бойына өнегелілік қасиеттерді қалыптастырады.

«Білім беру»Заңында білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі делінген. Демек барлық білім беру мекемелерінде қандай жағдайда болса да, өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру мақсаты барысында тәрбие жұмыстары жүргізілуі тиіс.Әсіресе ауыл балалары тәрбиесінде мектептерге ерекше көңіл бөлінген.

Білімді де, білікті, салиқалы да парасатты, өнегелілік қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу --- мемлекеттік маңызды іс екені белгілі. Сол себепті жоғарыда сөзімізге арқау болған мәселелерді түбегейлі шешу, салауатты өмір салтын қалыптастыру --- баршамыздың қарызымыз әі парызымыз екені даусыз. Солай екен, келешек ұрпақтың қамын қазірден ойлап, оған бүкіл жұрт болып атсалдысуға міндеттіміз.

Елбасымыз Н . Ә.Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатттық 200 негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында ауылға назар аударуы стратегиялық, мемлекеттік зор мәні бар, кең ауқымды шара.

«Ауыл - халқымызөдың тұрмыс салты, мәдениеті. Шын мәнінде де халқының 40 % бөлігін ауыл тұрғындары құрайтын Қазақстан үшін бұл шара өте маңыз, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнар көзі», - деп көрсеткен Елбасы халыққа жолдауында.

Біздің қай-қайсысымызхдың болмасын түп тамырымыз сол ауыддан бастау алады. Тәуелсіздік пен қуатты мемлекет мұраттарын айрықша қастерлеп, терең сезінетін де осы елдегі халық, өйткені оның қаны мен жанында бабаларымыздың арманы мен үміті қаттаулы қалпында жатыр.

Ендігі жерде осы ауылды көркейтуге байланысты мәселелер бойынша әр мемлекет ұжымы Елбасының жолдауында көрсетілген бағыттарға сәйкес өз міндеттерін және оны орындау жолдарын саралап алғаны абзал. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі осы мәселелерді шешуде әрбір ұстаз тыс қалмай, шама—шарқынша өз үлестерін қосуы қажет.

Әлеуметтік педагог оқушылар тобымен бірлесе отыры, адамдардың қарым-қатынасындағы мейірімділік пен әділдеттілік деген не, жолдастық пен ждостық деген не, кғоллективизм мен ортақ іске, жеке бастың тжауапкершілігі деген не сияқты ұғымдарға анықтама беріп, оны оқушылардың меңгеруіне көңіл бөледі. Бұл тұжырымдар оқушылар ұжымы көп жиналатын залда көрннекі жерлерге жазылып ілінген:

---- мейірімділік - адамдарға деген адал көңіл, сезімтал қарым-қатынас, кез-келген уақытта қол ұшын беруге әзірлік;

Өлеңдерді жатқа айту.

Сабақтың міндеті:

А) білімділік:

әнді интонациялық таза орындауға назар аудару. Музыка тыңдау, ән салу арқылы алған әсерін жэүйелі түрде қорыта білуге баулу.

ә) тәрбиелік:

1. Сабақ үстінде оқушыларды ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу.

2. Ауыл өмірін сезіне білуге, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.

3. Ұлттық сезіммен тыңдай және ор ындай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: көрнекілікті пайдалана отырып, пә,наралық байланысты ұғынып,оқушының алған әсерін, ойын жүйелі айтуға, суіреттеуге машықтандыру, есте сақтауын дамыту.

Сабақтың өту барысы: сыныпта Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.

Ұйымдастыру кезеңі:

--- Қайырлы күн, балалар!

--- Сәлеметсіз бе, апай!

--- Балалар, біз кімнің күйін тыңдадық?

--- Құрманғазын.ың күйі «Сарыарқаны»

--- Музыка қандай көңілде?

--- Көтеріңкі, көңілді.

--- өте, дұрыс, балалар.

^ Жаңа сабақ: «Ауыл --- елдің алтын бесігі».

«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

Бұждан артық рахат табылмайды.

Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы».

М. Мақатаев.

Ауыл --- адамзаттың кең дүниенің енсігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі, қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті АНА болса, ауыл да бар лық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.

Ауыл --- халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен -жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтеріледі деген сөз. Жусаны мен жуасы бұрқыраған, ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе - ауылдың сәні емес пе?

Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені - ауыл болғаны анық. Яғни, ауыл - ұлтымыздың ұйытқысы.

Елбасымыщздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауга тиіспіз» ,- деген сөзі өте дұрыс айтылған.

Ауыл - қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, әе өрнегін айшықтаған сазгер , күйшілеріміз де, аты аңыздға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.

Саналы әрбір азаматқа туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына болуы тиіс. Жұмыр жер өз төсін мекен еткен барша халықтың шежіресін жаза беретін мәңгілік кітап тәрізді.

Сондықтан ауылдан жырақ жүрсекте,

«Қарашада қара үй тұр,

Қарайлай жүр артыңа» -- деген жырау сөздерін естен шығармасақ екен. Әрбір жан ауылдың тұрмысы мен тіршілігі, мәдениеті мен ғылымы, хал-жағдайларының жақсаруына қолдарынан келгенше үлес қосуы керек. Себебі ауыл күйзелсе, халық өмірі жақсармайды. Осы жағдайды біз үлкен мәселе етіп көтеріп жүрміз.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік салтанат құрған заманда, бұл қиындықтың бәрі шешіледі. Себебі хх! Ғасыр - гүлдену ғасыры.

Алдағы уақытта барлық адамзат көрікті ауыл, келбетті қалада бақытты тұрмиыс кешуге тиіс. Жасампаз ауылдың тұтқасы - білімді де өнегелі жастадың қолында. Ауылдың көркеюі - жастардың санасы мен сезіміне,ухы мен ерлігіне, білімі мен билігіне байланысты. Сол үшін біз білім шыңына талаптануымыз керек!

Терең білім, тума талант, дархандарын ауылдың ауасымен сусындаған жастардың бойында мол. Нарық қыспағына ұшырап, қавңырап қалған үйлерге,қаңсып қалған өзендерге, босап қалған жайлауға айналған тіршіліктің бәріне жан бітеді деп ойлаймын.

Қазақ ауылы гүлденсе, әр атқан таңнан үміт күтетін ауыл халқы үшін зор қуаныш екені сөзсіз. «Ырыс алды - ынтымақ» дегендей, барша халық туған ауылын ұлттықөмір сүрудің өзегі деп танитын көзі ьашық, көңілі ояуәрбір азамат жұмысына жұмыла кірісуі керек.

Келешекке үлкен сеніммен көз тастасаң, біздің ауылымыз --- сәулеті асқан, дәулеті тасыған, рухани дамыған, берекеліде, мерекелі, құтты мекенге айналады.

Үйге тапсырма.

1. Бұл ұлт технологиясының өзегі адамгершіліктің бірегейі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Ата-бабаларымыз ешбір кітаптан тоқымай-ақ өздернінің күнделікті тұрмыс- тіршілігінде көрген, басынан өткен жайларды таразылап, ой елегінен өткізіп ұрпағына қалдырған. Осынау асылдарымыз:

Ұлттық қадір-қасиеттеріміз:

Қайырымдылық

А) Әдептілік. Әдеп сақтау халықтық рәсімге, жөн—жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз ьбағыну емес. Қайта сол заңдылықтрды құрметтеп, қастерлеу, дәлірек айтқанда, адамгершілік борышты сақтау болып табылады. «Әдептілік - әдемілік» дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық астары терең. Әдептілік - ізеттік, кішіпейілділік, көпшілік деген сөз. Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрдің бірі - ат тергеу, кісіге қосымша ат қою. Ат тергеу - бұл кісіні итқастерлеп, оны өз айтылуында атамай, құрметпен атау, оны сыйлау, құрметтеу, қадір тұту. Мысалы, «Ақ бөпем», «Үкім», «Тәмпіш танауым». Қазақ әйелдері қайыны, қайын сіңілілеріне ат қоюға шебер.

ә) Қонақжайлылық. Қонақжайлылық, меймандостық --- ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға тұрарлық мәнді түрлерінің бірі. Қазақ меймандостығы ерекше, ата-бабаларымыз бұл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері тұрған. Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі ең дәмді тағамын, сусынын, қант-шайын қонақ келіп қала ма деп сақтықпен ұстаған. Халқымыздың қонақжайлық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мән берген. Сыйластық осы дәм таттырудан басталады. Қонақжайлылық, сыйластық салтын бұрынғы ата-бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Б) Бауырмалдық. Бауырмалдық халқымызың атам заманнан сүйегіне сіңген қасиеті. Ол Құран Кәрім қағидаларымен ұштасып жатыр. Осы қасиетті кітапта «ешбір адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы - халыққа дос, бауыр»,- дейді. Олай болса, «ақпыз, қарамыз, сарымыз - ағайынға бәріміз»,- депхалықты нәсілге, руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас ұрпақты бауырмалдыққа баулуымыз қажет.

В) Қайырымдылық. Адам өміріндегі ең игі істің бірі ғаріп кісілерге қамқорлық көрсету. Ұй ішінде үлкеннің кішіге қасмқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің бала-шағасына мейір-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет көрсетуі қайырымдылықтың қайнар көзі.

2. Өткен тақырыптар мен үйге берілген тапсырмалар бойынша халқымыздың ұлттық ойындарының бірі болып саналатын «Көкпар сайысына» қатысушы екі ауылды - Абай және Мұқағали ауылының көңілі зерек, өнерлі жастарын ортаға шақырамыз.

do.gendocs.ru/docs/index-114228.html?page=5

rss