«Рухани жаңғыру» аясындағы диалог алаңы

Опубликовано: 11.10.2018

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтары күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудағы «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.

Шараға институт кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы, аудандық, қалалық әдістемелік кабинет  әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің, лицей, гимназиялардың пән мұғалімдері қатысты.

Алғысөз алғандиректордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин диалог алаңы жұмысының сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, «Цифрлық технологиялар заманындағы педагог» тақырыбында өз ойын ортаға салды.

Шара барысында сөз алғантарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев «Ұлттық сана: жаңғыруға ұмтылыс – жарқын болашаққа бетбұрыс»; профессор, ғылым докторыҒабит Хасанов « Мәңгілік елдің болашағы – қазақ тілінде» тақырыптарында толғамды ой қозғады.

Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлеріШынар Арыстанова менСәуле Файзуллинапән бойынша өз ізденістерін ортаға салып, пікір бөлісті.

Сонымен қатар осы шараға қатысқан институттың кітапхана меңгерушісі Индира Бадақова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бірге оқимыз» жобасының өткізілу барысы туралы әңгімелесе, жетекші маман Алмагүл Улянова Елбасы мақаласындағы рухани, мәдени жобаларды насихаттау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Шара соңында қатысушылар өз сауалдарынына тұшымды жауап алып, диалог алаңының өткізілу барысына жоғары баға берді.

rss